|
15.04.2022 | 13:57
1258

Жиһаз, кітап жанған: Павлодарда мектептен өрт шықты

414 бала эвакуацияланды

Жиһаз, кітап жанған: Павлодарда мектептен өрт шықты Pavlodarnews.kz

Павлодарда №1 мектептен өрт шығып, 414 бала эвакуацияланды. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнынан ауруханаға бес адамды алып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД  баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 сәуір күні Малайсары батыр көшесі, 3 мекенжайы бойынша үш қабатты  № 1 жалпы орта білім беру мектебінен өрт шыққан.

"Үшінші қабаттағы кітап сақтау кабинетінде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, кітап жанған.  Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала сыртқа шығарылды", - деді департаментте.

Қазіргі таңда ауруханаға жеткізілгендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр.

Өрт сағат 11:41-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.  

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 35 қызметкер және 9 техника, апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Оқушылар
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир