Алмалы ауданында орналасқан дәмханадан өрт шықты
zakon.kz
ТЖД өрт сөндіру бөліміне шұғыл хабарлама 11:00-де түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Алмалы ауданы Назарбаев көшесі 43/1 мекенжайындағы дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ТЖД өрт сөндіру бөліміне шұғыл хабарлама 11:00-де түсті. Өрт сөндірушілер келген сәтте 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған қосқабатты ғимараттың жертөлесінде орналасқан дәмханадан түтін шығып жатқан.
«Адамдардың бар-жоғына барлау жүргізілді. Кафе тағам жеткізу түрінде жұмыс істейді. Оқиға орнында 20 өрт сөндіруші, 5 техника және газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 құрамы жұмылдырылды. Нысан электр қуатынан ажыратылды. Өрт ошағы анықталды, таралу қаупі жоқ», – деді ТЖД баспасөз қызметінен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35