Жол ережесін өрескел бұзғанын желіге салған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

polisia.kz
polisia.kz
Жігіттің жауапсыз мінез-құлқы тұрғындарға зиянын тигізген жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында өзінің өрескел жол ережесін бұзғанын желіге салған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының 18 жастағы тұрғынына қатысты бірден бес әкімшілік хаттама толтырылды. 

Тәртіп сақшыларының назары “Toyota Camry-70” маркалы автокөлік жүргізушісінің Талдықорған қаласының жолдарында көрсеткен мінез-құлқына бірден ауды. Полицияның мәлімдеуінше, Алматы облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілерді белсенді түрде қадағалайды және анықталған құқық бұзушылықтар бойынша бірден шаралар қолданады. 

Полицейлерді таң қалдырғаны, жол қозғалыс ережесін өрескел бұзудан көрінген заңға қайшы іс-әрекеттерді автокөлік иесі әдейілеп істеген. 

Сонымен қатар, жігіт өзінің жолдағы барлық іс-әрекеттерін “Instagram” беттерінде және мессенджер топтарында жариялаған. Жігіттің жауапсыз мінез-құлқы тұрғындарға зиянын тигізген жоқ.


Новости партнеров