Қазір жағдайы ауыр
Апаттан аман қалған полицей Ербұлан Сейдәзімнің хәлі әлі де ауыр деп бағаланып отыр. Ол №7 қалалық-клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
26 жастағы аға лейтенант басынан жарақат алған. Оның өмірін аман сақтау үшін білікті мамандар жұмылдырылған.
«Науқастың жағдайы ауыр. Бүгін бас миына компьютерлі томография жасалды. Науқас өкпе желдету аппаратында жансақтау бөлімінде қарқынды ем жүргізілуде», – деді Алматы қаласы № 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан ТӨБЕЛБАЕВ
«Тексеру барысында компьютерлік томография нәтижесінде қосарласқан жарақат, басының шүйде бөлігінің жарақаты, ми соққы алғаны анықталды. Бас сүйегінің артқы бөлігіне қан кеткен. Бет сүйегінің сол жағы сынған. Басының, бетінің, белінің жұмсақ тіндері соғылған. Нейрохирургтардың консилиумы өткізілді. Нәтижесінде бас сүйегі ашылып, ұйыған қан алынды. Қазір жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр», – деді №7 аурухана бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасарының міндетін атқарушы Ильдар Құрмаев.