|
22.07.2020 | 19:09
12423

Алматылықтарға қаладағы жыландарға байланысты ескерту жасалды

Пайдаланушылар жылан адамға қауіпті ме деп алаңдады

Алматылықтарға қаладағы жыландарға байланысты ескерту жасалды Скриншот видеозаписи

Әлеуметтік желілерде тас төсеуіште жүрген жыланның видеосы тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ол Алматыда түсірілген. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер жыланның адамдарға қаупі бар-жоғы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жылан түсірілген видео тарап жатыр. Ролик ботаникалық саябақта түсірілген болуы мүмкін. Пайдаланушылар жылан адамға қауіпті ме деп алаңдады.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер видеоға қатысты пікір білдірді. Мамандар тұрғындардан жыланнан қорықпауды және оны өлтірмеуді сұрады.

«Алдын ала болжам бойынша бұл улы жылан емес. Бұлар - Алматының кәдімгі тұрғындары. Адамдар табиғат пен оны мекендеушілерге қамқорлық көрсетуі керек. Егер табиғатта жабайы жануарлар, құстар немесе жылан көрсеңіздер, қасынан өтіп кетіңіз», – деді комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир