Астанада жиһаз цехтерінің бірінде өрт шықты

19.02.2024 18:44

Оны сөндіруге 50-ден аса қызметкер мен 12 техника жұмылдырылған

Almaty.tv

Астанада жиһаз цехтерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға Көктал көшесінде тіркелген. Төтеншеліктердің ақпарынша, өрт шарпыған аумақ 500 шаршы метрды құрайды. Оны сөндіруге 50-ден аса қызметкер мен 12 техника жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кеше де тілсіз жаумен арпалысқан. Қаладағы көпқабатты пәтерлердің бірінде өрт тұтанып, ішінен 1 адамның денесі табылды.

– Өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтерде 20 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздардың жанып жатқаны анықтады. Пәтерде әйелдің мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер күшімен өрт 16:26 минутта жойылды, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Азамат Жұмекешов.

Оқи отырыңыз: Алматыда караоке ғимараты өртенді