Айбол Бекмұхамбетов сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салды деген күдікке ілінді
Алматы әуежайының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Айбол Бекмұхамбетовке «сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салды» деген айып тағылып отыр.
Былтыр 11 маусымда «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесі Айбол Бекмұхамбетовтің өз еркімен жұмыстан кету туралы арызына байланысты мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Ал 16-шы тамызда әуежайдың бұрынғы басшысы депутат өкілеттігінен бас тартқаны хабарланған еді. Бұған себеп ретінде оның басқа қалаға ауысуы мүмкін екені де айтылған еді. Ол Алматы әуежайын 2009 жылдан бері басқарып келді.