Тәртіп сақшылары нәрестенің анасын іздестіруде
Қарағандының Майқұдық ықшамауданында қоқыс жәшіктерінің бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала деректерге сәйкес, сәбидің денесінен азаптау белгілері табылмаған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс тіркелді.
«Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтауға кірісті. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр», - деді Полиция департаменті.