Үйінде есірткі сақтаған екі риддерлік азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Риддер қалалық ПБ қызметкерлері өз пәтерінде есірткі сақтады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша өсімдік тектес заты бар 7 полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді. Сонымен қатар темекі шегуге бейімделген металл контейнерлер мен пластикалық бөтелкелердің сынықтары табылды. Сараптама көрсеткендей, түйіншектерде салмағы 135 грамнан астам кептірілген марихуана сақталған.
Сол күні тәртіп сақшылары 35 жастағы екінші жергілікті тұрғынды ұстады, оның үйін және ауласын тінту барысында ішінде жоғарыда аталған заты бар бір түйіншек табылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленгеннің ішіндегісі де салмағы 35 грамнан асатын кептірілген марихуана екені анықталды.
Қаскөйлердің екеуіне де қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.