Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап, мерт болды

29.05.2021 в 18:46

Жас жігіт жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды

Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға «Қиял әлемі» техносаябағында орын алған.

Жас жігіт сол жерде жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, 17 жастағы марқұм орта мектепті бітірген, паркте  жұмыс істеген. Бір сәтте ол металл құрылымға көтеріліп, құлап түскен.