Қостанай облысында өртенген үйден бірнеше адамның денесі табылды

07.06.2020 18:50

Оқиға орнында Лисаков қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр

Фото: NYTIMES

Қостанай облысында саяжайлық үйден өрт шығып, бірнеше адам қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 6 маусым күні сағат 02:00 шамасында Лисаков қаласындағы «Урожайная-2» саяжай бақшасында болған. Хабарлама жергілікті өрт сөндіру бөліміне түскен.

«Құтқарушылар оқиға орнына келгенде саяжай үйі толығымен жанып жатты. Өрт 35 шаршы метр аумақты шарпыды. Жалын сағат 03:34-те сөндірілді. Үй ішінен жанып кеткен 3 адамның денесі табылды», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрттің нақты себептерін анықтау үшін сот сараптамасы белгіленді.

Оқиға орнында Лисаков қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.