7 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді
Түркістан облысында жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қайғылы оқиға Алматы-Шымкент тас жолында болған. Ішінде жолаушылары бар Toyota автокөлігінің жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан бір адам сол жерде тіл тартпай кетті. Ал 7 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Сайрам АПБ анықтау бөлімінің қызметкері Айя Жантілеуова.