Атырауда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырауда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқыс оқиға бүгін, 4 тамызда сағат 10:00 шамасында болған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Көпқабатты тұрғын үйдегі лифтіні бөлшектеу кезінде екі қызметкер лифт шахтасына құлап кеткен. Оқиға орнында 40 жастағы адам мерт болған.
«Ал, екінші адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 19 жастағы бойжеткен 8-қабаттан құлаған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
16.10.2026 14:01
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
16.10.2026 21:34
Қазақ бидайын ең көп қай елдер сатып алады
16.10.2026 21:08