Қазақстанда өткен демалыс күндері 15 адам суға кетті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Оның ішінде 5 бала қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен демалыс күндері еліміздің су айдындарында 15 адам, оның ішінде 5 бала қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

19 шілде күні Ақмола облысында Жалтыркөл ауылынан 5 шақырым жерде Есіл өзенінен құтқарушылар жабдықталмаған жерде шомылып жүріп, суға батқан 2005 және 2008 жылы туған екі баланың денесін тапты. Олар мұнда туыстарымен бірге демалуға келген.

Қостанай облысында Қайыңды кентінен 7 шақырым жерде Торғай өзенінде 1960 және 1970 жылы туған 2 ер адам суға кетті. Олар жабдықталмаған жерде шомылған. Марқұмдардың денесін куәгерлер алып шыққан.

Шомылу маусымы басталғалы 144 адам, оның ішінде 43 бала суға кеткен. 

Мұндай қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – өз шамасын білмеу, мас күйінде шомылу, суға батып бара жатқан адамды құтқару және балаларды қараусыз қалдыру. 

1 маусымнан бері су айдындарында құтқарушылар 51 адамды, оның ішінде 11 баланы аман алып қалған.

Новости партнеров