|
25.02.2020 | 14:12
5009

«Гарант 24», «Estate Ломбард», «Выгодный займ»: 22 қылмыстық іс қозғалды

Арыз беруші жәбірленушілердің саны 2800-ден асты

«Гарант 24», «Estate Ломбард», «Выгодный займ»: 22 қылмыстық іс қозғалды sputniknews.kz

«Гарант 24», «Estate Ломбард», «Выгодный займ» ломбардтарының келтірген материалдық залалы 5 миллиард теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Almaty.tv.  Осы ретте үш қаржы пирамида бойынша 22 қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі тергеу басқармасының басшысы айтты. Қазіргі таңда аталған істерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

«Ломбард 24» бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды. Қаржы пирамида бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша Мырзабековке қарсы іздеу жарияланды. Қазіргі кезде іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы тергеу тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Арыз беруші жәбірленушілердің саны 2800-ден асты. Ал алынған құжаттар, келісімшарттар бойынша 42 мыңнан астам арыз беруші болады деген болжам бар. Өйткені 42 мың келісімшарт тіркелгені  тінту барысында анықталды. Зала бес миллиардтан астам шығын келтірілген», – дейді  ҚР ІІМ Тергеу басқармасының басшысы Санжар ӘДІЛОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир