Алматыда мопед жүргізушісі ауыр жол апатына ұшырады

03.08.2022 18:51

Қазір жүргізуші ауыр дене жарақатымен ауруханада жатыр

Almaty.tv

Алматыда мопед жүргізушісі ауыр жол апатына ұшырады, деп хабардайды Almaty.tv.

Бейнетіркеу камерасына  түсіп қалған оқиға Әл-Фараби даңғылында болған. Қазір жүргізуші ауыр дене жарақатымен ауруханада жатыр.  

«Жүргізуші Н есімді азамат. Қытайда жасалған мопедті мемлекеттік нөмірсіз тізгіндеп, Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, қашықтық сақтамаған. Осылайша, Mitsubishi маркалы көлігіне соқтығысқан.  Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында тергеу басталды», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.