Ойнап жүріп, опық жеді: Текеліде трансформаторға тығылған баланың жағдайы ауыр

24.05.2023 18:52

Оқиғаны жергілікті полиция департаменті өкілдері бақылап отыр

Иллюстративное фото baikal24.ru

Жетісу облысында ойын баласы ашық тұрған трансформаторға кіріп кетіп, тоққа түсті. Оқиға Текелі қаласында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеткіншек басқалардан жасырынбақ болып, тоқ құрылғысының ішіне тығылып қалған. Соның салдарынан қатты зақым алған. 9 жастағы қыз қазір ауруханада, жағдайы өте ауыр. Оқиғаны жергілікті полиция департаменті өкілдері бақылап отыр.  

– Аталған факт қалалық полицияның ақпаратты есепке алу кітабында ресми түрде тіркелді. Жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық бақылау комитетінің облыстық департаментіне жіберілді, – деді Жетісу облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.