Ұсталған күдікті Райымбек ауданының 30 жастағы тұрғыны болып шықты
Алматыда мектеп бітіруші түлектерге ЖОО грантын алып беремін деп ақшаларын алған күдікті ұсталды. 30 жастағы азамат Алматы облысы Райымбек ауданының тұрғыны деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті ер азамат түлектердің ата-аналарына университет грантын уәде етіп, олардан қомақты ақша алып отырған.
«Күдікті деп ұсталған азамат ешқандай жоғары оқу орындарына қатысы жоқ. Адамдарды алдау арқылы ірі көлемде ақша алып отырған. Осы уақытқа дейін Алматы қаласы және Алматы облысынан 40-қа жуық адамды алдап үлгеріпті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Данияр Мендебаев.
ФОТО: Алматы қалалық Полиция департаменті