Таразда сұлулық салонының қызметкері төтенше жағдай режимін бұзған

көрнекі сурет
көрнекі сурет
Аталған құқық бұзушылықты полиция қызметкерлері жаяу патрульдеу кезінде анықтаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда сұлулық салонының қызметкері төтенше жағдай режимін бұзды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тараздағы сұлулық салондарының бірінің 25 жастағы шаштараз шебері төтенше жағдай режиміне қарамастан, жергілікті жоғары оқу орындарында білім алып жатқан Түркіменстанның бес азаматының  шашын  қиюға шешім қабылдаған. Аталған құқық бұзушылықты полиция қызметкерлері жаяу патрульдеу кезінде анықтады. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін шаштараздың иесіне, шеберге және бес азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қызмет көрсету кезінде шебер мен тұтынушы арасында жақын және ұзаққа созылатын байланыстың болуына байланысты карантин кезінде мұндай кәсіпорындардың қызметіне қатаң тыйым салынады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері карантин режимін бұзғандарды анықтауды жалғастырып жатыр. Төтенше жағдай кезінде барлығы 886 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Құқық бұзушыларға 186 ескерту беріліп, 250 адамға 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, 79 дерек бойынша әкімшілік қамауға алынды,  ал қалған материалдар сотқа жіберілді. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардан ТЖ режимін сақтауды және басқа адамдар бұзған жағдайда  хабарлауды сұрайды.

Новости партнеров