Ресейдің атақты әртісі жол апатына ұшырады: салдарынан бір адам қайтыс болды
Стопкадр Yotube канала Острый угол
Актердің сол кезде мас болғандығы анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мәскеу орталығында ресейлік актер Михаил Ефремов жол апатына ұшырап, жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, жүргізуші ми жарақатын алып, жол апаты болған жерден ауруханаға жеткізілген. Актердің өзі зардап шекпеген.
Baz Telegram-каналының мәліметіне қарағанда, жол апатынан 67 жастағы жүргізуші Сергей Захаров қаза болған.
Жол апаты 8 маусымда орын алған. Jeep Grand Cherokee жолаушысы қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada жүргізушісімен соқтығысқан. Актер Михаил Ефремов жол апатына кінәлі деп танылғандықтан, полицейлер оны медициналық куәландыруға жіберген. Нәтижесінде актердің сол кезде нақты мас болғаны анықталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43