|
26.03.2020 | 15:39
4393

Карантин: «Алтын орда» базары залалсыздандырылды

Арнайы техникалар мен құрал-жабдықтармен қамтылған қызметкерлер базардың бар аумағына 3 сағатқа жуық вирусқа қарсы сұйықтық шашып шықты

Карантин: «Алтын орда» базары залалсыздандырылды Almaty.tv

Халық көп шоғырланатын орындарға дезинфекция жасау карантин кезіндегі негізгі шаралардың бірі. Қаладағы ең үлкен «Алтын орда» базарына залалсыздандырушы мамандар тыңғылықты тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арнайы техникалар мен құрал-жабдықтармен қамтылған қызметкерлер базардың бар аумағына 3 сағатқа жуық вирусқа қарсы сұйықтық шашып шықты.

«Бүгінгі күнде Алматы қаласында карантин жариялануына байланысты ҚР Қарулы күштерінде техникалар мен арнайы жабдықталған құралдары қаладағы ғимараттар мен көшелерге жұмылдыруда. Қаламызда арнайы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрметті қала тұрғындары сіздерден өтінеріміз қалаға көп шықпауларыңызды сұранамыз», – деді Алматы қаласындағы Әскери инженерлік институтының радиациялық және химиялық қорғау қызметінің басшысы Бақытжан ТЕМІРБАЕВ.

Естеріңізге салсақ, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру мақсатында жүк көліктері қалаға «жасыл дәліз» арқылы емін-еркін кіріп шыға алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир