Смайылов: Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апат жанармай тапшылығын тудырмайды

04.07.2023 18:57

Кінәлілер жауапқа тартылады

elements.envato.com

Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апат жанармай тапшылығын тудырмайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Премьер-министр алып-қашпа сөзге еріп, даурықпау керегін түсіндірді. Қазір өндіріс орнында апаттың себебін анықтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылғанын атап өтті. Мұнымен қоса, елімізде жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын жеткізді. «Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді» деді Үкімет басшысы.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша апаттың себебін анықтау үшін қазірдің өзінде арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Кінәлілер жауапқа тартылады. Қазіргі таңда ең бастысы – кәсіпорын жұмысын қалпына келтіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету, – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.