Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды

29.04.2023 18:58

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетінін хабарланды

kazpravda.kz

Екібастұзда өрт салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз әкімі Аян Бейсекиннің өкім жобасы НҚА сайтында жарияланған.

"Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі № 2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ануарбек Дюсембаевич Аманов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын", - делінген бұйрық мәтінінде.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетінін хабарланды.