Қарағанды облысындағы ұшақ апатынан қаза болғандар: әскери курсант пен пилот

Сурет: Азаматтық авиация комитеті
Сурет: Азаматтық авиация комитеті
Азаматтық авиация комитеті қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Азаматтық авиация комитеті Қарағанды облысында ұшақ апатынан қаза болғандардың аты-жөнін жариялап, атқарылып жатқан шұғыл шаралар жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv   тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Әуе апатынан қаза тапқандар: 1097 сағат ұшу тәжірибесі бар әуе кемесінің командирі (ұшқыш-нұсқаушы), Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты.

Мәлім етілгендей, пилоттың 2019 жылдың 28 қарашасында берілген №000012 CPL (A) сертификаты бар. Нұсқаушы пилоттың арнайы белгісі «КАМА» заңды тұлғалар бірлестігіне енгізілген және ол 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды.

 - Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның Авиация әкімшілігі әуе апатында қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтады. Қазақстанның Авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF-пен болған апатқа байланысты Операциялық орталықтың шұғыл отырысын өткізді. Операциялық орталық Қазақстанның авиация әкімшілігінің авариялық жоспарын іске асыра бастады, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды және тергеу жүргізу үшін құжаттар дайындалды, – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сүйенсек, ұшақ «Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС-ға тиесілі болған. Мекеме 2022 жылғы 25 қарашада «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ берген сертификат негізінде авиациялық персоналды кәсіби даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырып келеді. Сертификаттық тексеруді «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық инспекторлары 2022 жылғы 21 қараша мен 25 қараша аралығында жүргізді.

Апатқа ұшыраған UP-LA286 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2020 жылғы 4 маусымда берілді. Шығарылған жылы – 29.07.2011 жыл. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2020 жылғы 13 мамырда тіркелген. Авиациялық оқу орталығының паркі 15 (11 ұшақ және 4 тікұшақ) әуе кемелесінен тұрады.

Ұшақ апаты бүгін таңертең болды. Ол жеке компанияға тиесілі болуы ықтимал.

 - 30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады. Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады, - деген еді Азаматтық авиация комитетінен.

Әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлаған.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында ұшақ апаты орын алды: екі адам қаза тапты

Новости партнеров