Павлодарда тағы саяжай өртенді

© ДЧС Павлодарской области
© ДЧС Павлодарской области
Өртке кінәлілердің бірі табылды – саяжай тұрғыны шөпті өртеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодардың бес бау-бақша серіктестігінде саяжай үйлері, қора-жайлар мен ағаштар өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 сәуір сағат 13.12-де "Восточный" саяжай қоғамы аумағында өрт шыққаны туралы ақпарат түскен. Қураған шөп, бұталар, ағаштар, саяжай үйлері мен қора-жайлар отқа оранған. Жалын аумағы анықталып жатыр. 18 қызметкер және төрт техниканың көмегімен өрт 16.42-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

13.59-да тағы бір хабар түсті – "Надежда" мен "Северный" саяжай қоғамдарынан өрт шыққан. Жалын 40 гектар аумақты шарпыған. Оқиға орнына 47 өрт сөндіруші мен 12 техника, сонымен қатар үш техникамен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері аттанды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.

Сағат 14.54-те "Энтузиаст" және "Строитель" саяжай қоғамдарында өрт болып жатқаны туралы хабарлама келді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖД ақпаратынша, "Северный" саяжай қоғамындағы өртке кінәлі адам табылды. 59 жастағы ер адам өз учаскесінде абайсызда шөпті өртеп жіберген, ал өрт әрі қарай таралған.

Түнде бау-бақша серіктестіктеріндегі барлық өрт сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстары желдің күшеюіне байланысты қиындаған.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

Новости партнеров