Жолда кездескен үлкен бұрылыста Mercedes жүргізушісі алдағы көлікті басып озуға тырысқан
Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Трассаның 68-шақырымында батыс бағытта жолға шыққан Mercedes көлігі мен Алматыға келе жатқан Toyota автокөлігі соқтығысқан. Жол қызметкерлерінің айтуынша, жолда кездескен үлкен бұрылыста Mercedes жүргізушісі алдағы көлікті басып озуға тырысқан. Нәтижесінде, Toyota жүргізушісі көлікті тізгіндеп үлгермей, екі автокөлік бетпе-бет соқтығысып, екі жаққа қарай ұшып кеткен. Toyota жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Ал қалған жүргізушілер мен жолаушылар бірден ауруханаға жеткілзілген. Оқиғаның мән-жайын жергілікті жол полиция қызметкерлері анықтап жатыр.