Алматыда полиция «Мол Апорт» сауда үйінен жарылғыш зат іздеп жатыр
Күндізгі 11:00 мен 12:00 аралығында Алматы оперативті басқару орталығының 102 каналына бір адам жасырын қоңырау шалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облыстық полициясы «Мол Апорт» сауда үйінен жарылғыш зат іздестіріп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, күндізгі 11:00 мен 12:00 аралығында Алматы оперативті басқару орталығының 102 каналына бір адам жасырын қоңырау шалған.
«Ол Мол Апорт сауда ойын сауық орталығында жарылғыш зат қойылғанын хабарлады. Қазір 102 каналына хабарласқан адам кім екені анықталып, ұсталды. Полиция одан сұрақ-жауап алып жатыр. Ал ғимаратты қазір полицияның шұғыл әрекет ету қызметінің өкілдері тексеріп жатыр. Ғимарат қоршауға алынды. Адамдардың барлығы: қызметкерлер мен келушілер түгел қауіпсіз жерге шығарылды», – деді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51