Қарағандыда бюджет қаржысын жымқырған кәсіпкер сотталды
ehonews.kz
Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп табылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысында алаяқтық жолмен бюджет ақшасын жымқырған кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мамыр айында Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті сотқа жолдаған қылмыстық іс бойынша Шахтинск қаласының соты үкім шығарды.
Коммерциялық кәсіпорын директоры іс жүзінде орындалмаған жол жөндеу жұмысына төлем ретінде алаяқтық жолмен мемлекет бюджетінен қаражат алған.
Мемлекетке келген залал көлемі – 5,8 млн теңге.
Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп табылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді.
Ол сондай-ақ, құрылыс және жол жөндеу саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға айырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58