Павлодар облысында қатты жел тұрғын үйлер мен нысандардың шатырын ұшырды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екпіндеп соққан жел Алакөл ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің, Петропавловка ауылындағы мектептің шатырын ұшырып әкетті, жеке тұрғын үйлердің шатыры жартылай зақымдалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«21 шілде күні сағат 23:50-де Железин ауданының Алакөл ауылында Ленин көшесі 9 мекенжайы бойынша қатты желдің салдарынан («Қазгидромет» РМК деректері бойынша екпіні 16 м/с-қа жеткен) жалпы ауданы 187 шаршы метрде фельдшерлік-акушерлік пунктінің бір қабатты ғимаратының шатыры бұзылғаны туралы ақпарат келіп түскен», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Петропавловка ауылының Степная көшесі 15 мекенжайында орналасқан Буденовка негізгі жалпы білім беретін мектебінде 50 шаршы метр алаңдағы ғимарат шатыры ішінара бұзылған. 

«21 шілде күні сағат 19:00-де төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс жедел отырысы өтті. Онда қолайсыз ауа райы жағдайларының салдарларын жою, сондай-ақ зардап шеккен ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру мәселелері қаралды», - деп атап өтті ведомстводан. 

Жеке тұрғын үйлердің шатырлары жартылай зақымдалған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Новости партнеров