|
26.07.2022 | 14:03
5122

Таудағы өрт: Қызыл жалынның таралу қаупі сейілді

Отты толық сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр

Таудағы өрт: Қызыл жалынның таралу  қаупі сейілді ДЧС Алматы

Алматы тауларында өрт шықты. ТЖД қызыл жалынның таралу  қаупі сейілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Отты толық сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұған дейін Кімасар шатқалына жеткен төтеншеліктер арнайы құралсыз еңіске жаяу көтерілуге мәжбүр болды.  Құрғақ шөп тұтанған 5 аймақ анықталып, өрттің таралу аумағын сөндіруге кіріскен.

«Оқиға орнында Ұлттық парк қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жалпы 83 адам. «ҚазАвиаОрманҚорғаудан» – 10 адам, ТЖД – 12 адам және 2 тікұшақ бар. Жұмыстар әлі жалғасып жатыр», – деді ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.

ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарына ескерту айтып, ерекше қорғалатын табиғи аумақта өрт қауіпсіздігін бұзғандарға 300 мың теңге айыппұл салынатынын хабарлады. Арнайы жабдықталмаған жерде тамақ пісіргендер де жауапқа тартылуы мүмкін.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир