Шымкентте жарылыс: Жанармай бекетінің қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр

07.06.2019 19:04

Зардап шегушінің денесі тұтас күйіп қалған

фото: кадр из видео

Шымкентте газ құю бекетінде болған жарылыс салдарынан мекеменің қызметкері зардап шекті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 11.00 шамасында қалалық жедел жәрдем станциясына өрт туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен үш медицина бригадасы тек бір адамды ғана ауруханаға алып кеткен.

«Оны күйік шалғандар орталығына - Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Әзірге зардап шеккен адамның қаншалықты күйіп қалғаны белгісіз. Науқастың жағдайы тым ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр», – деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.

Орталық мамандары зардап шегуші денесінің 100 пайыз күйіп қалғанын жеткізді.