Бірнеше автокөлік өртеніп кетті
Ақтөбе облысында жанармай құю бекеті жарылып, бірнеше автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға кеше кешкі сағат 19-00 шамасында болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, сыйымдылығы 46 текше метр болатын 2 цистерна жарылғанын айтты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Өртке Ақтөбе облысының ТЖД-нің 26 қызметкері, 7 техникасы қатысты. Өрт толықтай cағат 20:42-де жойылды. Өрттен автогаз құю бекеті толықтай зақымдалды. Және 1 жеңіл автокөлік, 2 жүк тигіш техникасы өртеніп, жойылды», – деді Ақтөбе облыстық ТЖД аса маңызды істер бойынша аға анықтаушысы Сансызбай Маханов.