Ақмола облысындағы тасжолда жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
8 қаңтарда Астана - Петропавл автожолының 236-шақырымында 9 көліктің қатысуымен жол апаты болды.
34 жастағы ВАЗ 2109 көлігінің жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайды ескермей, 64 жастағы астаналық тізгіндеген Chevrolet Cobalt автокөлігімен және Беларусь Республикасының 38 жастағы азаматының басқаруындағы Volvo автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
Содан кейін тағы 6 көлік соқтығысқан: Renault Sandero, Газель, 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado.
Жол апаты салдарынан «Авиценна Бурабай» ЖШС-не 19-49 жас аралығындағы 2 жүргізуші мен 7 жолаушы жеткізілді.
6 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.