|
10.06.2019 | 14:06
4563

Нұр-Сұлтанда үш баланы өрттен құтқарып қалған студент марапатталды

Студента наградили в Министерстве образования и науки

Нұр-Сұлтанда үш баланы өрттен құтқарып қалған студент марапатталды Фото предоставлено пресс-службой ДЧС Нур-Султана

Білім және ғылым министрі үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

«Өз өмірін қатерге тігіп, қиындыққа түскен адамға көмек қолын созуға ұмтылатын жастар мақтауға тұрарлық. Әрине, осындай батыл да ержүрек баланы өсіріп, тәрбиелеген Нұрсұлтанның ата-анасына алғыс айтқымыз келеді. Осындай жігерлі балаларды қалыптастыруда мектеп пен ұстаздардың рөлі орасан. Біздің ортақ мақсатымыз – өскелең ұрпақтың күшті, жігерлі, батыл болып өсуіне  қолымыздан келгенше ықпал ету. Нұрсұлтан сияқты жастар – қазіргі заманның нағыз батырлары», – деді Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова.

Сол күні Нұрсұлтан достарымен астаналық саябақтардың бірінде серуендеп жүрген. Адамдардың шулап жатқандығын естіген балалар, оқиға орнына достарымен тез жетіп, төменде орналасқан дүкеннің шатыры арқылы үйдің екінші қабатына көтеріліп, терезесін сындырып, үш баланы өртке оранған пәтерден алып шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерде қалған тағы бір кішкентай бөбек пен отағасының өмірін арашалап қалды.

Айта кетейік, үш баланың өміріне араша түскен 21 жастағы Нұрсұлтан Исмагулов Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ақпарат және технологиялар факультетінде 2 курс оқиды. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир