Жамбыл облысында ірі жол апатынан жолаушы мерт болды
ДП Жамбылской области
9 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысында ірі жол апаты болып, 1 адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әуелі таңғы сағат 3:00 шамасында Таразға бара жатқан Scania жүк көлігінің тіркемесі өртенген. Арада 40 минут өткен соң оқиға орнынан 600 метр қашықтықта тоқтап тұрған 10 машинаны DAF жүк көлігі келіп қаққан. Салдарынан 4 автокөлік өртеніп, Toyota Camry көлігінде отырған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы 9 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
«3 адам Тараз қаласы ауруханасы жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51