Алматының Алмалы ауданындағы сұлулық салондары жасырын жұмыс істеуін тоқтатар емес

12.07.2020 19:07

Алмалы ауданының бақылау тобы бүгін Абай 81 мекенжайында жасырын жұмыс істеген сұлулық салонын анықтады

Almaty.tv

Алматының Алмалы ауданында сұлулық салондары жасырын жұмыс істеуін тоқтатар емес, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елімізде енгізілген екі апталық карантин талаптарының негізінде  сұлулық салондары  5 шілдеден өз жұмысын тоқтатуы керек.  Алайда бүгін Алмалы ауданының бақылау тобы Абай 81 мекенжайында жасырын жұмыс істеген сұлулық салонын анықтады. 

Бейнекөрініске қарағанда, Wow nogti қызметкерлері бөлмеден «күтпеген қонақтарды» байқап, кенеттен сұлулық салоны жұмыс істемейтінін, онда тек оқыту жүріп жатқанын хабарлайды. Алайда салонның ішкі есігі ашық болғанын атап өткен жөн.

Қалай болғанда да, бизнес иесіне әкімшілік айыппұл салынды.