Үндістан әуежайында бірнеше ұшақ соғылды

18.06.2021 19:07

Қазір аталған фактке қатысты тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Almaty.tv

Үндістандағы әуежайда бірнеше ұшақ соғылды. Оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-лер шамасында Ахмадабад әуежайында болған, деп хабарлайды Almaty.tv

Азаматтық авиация таратқан ақпарға сай, дәл сол күні ауа-арйы күрт бұзылып, желдің жылдамдығы секундына 25-30 метрге жеткен екен. Апаттан үш әуе кемесі мен әуе айлағының техникалары зардап шеккен. Абырой болғанда адамдар аман. Қазір аталған фактке қатысты тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.