|
21.06.2022 | 14:07
7071

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 19 бала суға батып кетті

Құтқарушылар азаматтарға судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін айтты

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 19 бала суға батып кетті zakon.kz

Қазақстанда суға шомылу маусымы басталғалы 19 бала суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Сыздықов Бауыржанның айтуынша жалпы шомылу маусымы кезінде 36 адам суға батып кеткен.

«Бүгінгі күні өкінішке орай судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркелді. Жалпы 81 адам, оның ішінде 32 кәмелетке толмағандар суға батып кетті. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері 36 адам суға батып кетті, оның ішінде 19-ы бала», - дейді комитет төрағасы.

Бұдан бөлек шомылу маусымы басталғалы ІІМ, ЖАО және волонтерлермен бірлесіп 9 мыңнан астам патрульдеу мен рейд жүргізіп, 25 мыңға жуық адамды жұмылдырған. Оның нәтижесі бойынша 537 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сөз соңында Бауыржан Сыздықов азаматтарға судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы айтып өтті.

Еліміз бойынша суға түсуге болатын 497 орын бар. Оның 125-і Алакөл, Балқаш сынды халық ең көп баратын су айдыны. Бүгінде бұл жерлерде төтеншеліктер профилактикалық шараларды екі есеге күшейткен. Жергілікті полиция қызметі мен еріктілер тобы жағалауда рейд ұйымдастырып, жадынама қағаздарын таратқан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир