Қостанайда әйел көпірден секіріп кетті

03.10.2019 в 19:08

Оқиға бүгін сағат 10.16-да Қостанай қаласында болған

Қостанай қаласында көпірден секіріп кеткен әйелге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 10.16-да Қостанай қаласында болған.

«102» кезекші пультіне көпір жанындағы бордюрға бір әйелдің мініп тұрғанын хабарланды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жұмылдырылды. Сәлден соң Тобыл өзенінен әйелдің денесі шығарылды. Алдын ала болжам бойынша, ол көпірден секіріп кеткен. Қазіргі уақытта әйел туралы мәліметтер анықталып жатыр», - делінген полицияның ақпаратында.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабымен «Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» тергеу шаралары басталды.