Оқиға Silk Way City сауда үйінде болған
Алматыда мас адам сауда-ойын-сауық орталығына маскасыз кіргізбеген күзетшіні соққыға жықты, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға Silk Way City сауда үйінде болған. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Қалалық Полиция департаменті тәртіп бұзған азаматтың ұсталғанын хабарлады.
«Бұл дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексінің ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотқа берілді»,- деді Алматы ПД өкілдері.