|
25.11.2019 | 14:12
4225

Қостанай облысында 41 жастағы ер адам досын пышақтап өлтірген

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған

Қостанай облысында 41 жастағы ер адам досын пышақтап өлтірген

Қостанай облысы Сарыкөл ауылында 39 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды tengrinews.kz облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыкөл ПБ кезекші бөліміне 33 жастағы әйел қоңырау шалып, Сарыкөл ауылындағы Набережная көшесінің бойындағы үйлердің бірінде ер адамның мәйіті жатқанын айтқан.  

"Полицейлер оқиға орнына келгенде Сарыкөл ауылының 41 жастағы тұрғыны өз үйінде танысымен спирттік ішімдік ішіп отырып, кенеттен шыққан жанжал салдарынан жанында отырған адамның кеуде тұсына пышақ ұрғанын анықтаған. 39 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапқан", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир