|
18.03.2019 | 14:13
2583

2016 жылы Ақтөбедегі атыста жарақат алған жауынгерге үй берілді

Әлібек Жетігаринге екі бөлмелі пәтер кілтімен бірге 7 млн 356 теңгенің сертификатын табыстады

2016 жылы Ақтөбедегі атыста жарақат алған жауынгерге үй берілді

Бүгін Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов салтанатты түрде жеке құрам алдында Әлібек Жетігаринге екі бөлмелі пәтер кілтін тапсырды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Әлібек Жетігаринге екі бөлмелі пәтер кілтімен бірге 7 млн 356 теңгенің сертификатын табыстады. Ақшалай қаражат ерікті түрде Полиция департаментінің жеке құрамынан медициналық мекемелерде оңалту курстарынан өту үшін жиналды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2016 жылғы маусым айында радикалды топтың «Паллада» қару дүкеніне шабуылы кезінде полиция сержанты Жетігарин Әлібек қару жарақатын алған болатын. Өзінің ерлік әрекеті үшін Ә.Жетігарин «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир