Алматы полициясы азаматтарға жолдың тосқауылынан айналма жолмен жүріп өтуге уәде берген жеке көлік жүргізушілерін ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қаланың батыс жағында орналасқан № 20 бақылау бекетіндегі полицейлер бес адамды ұстады. Ұсталғандар азаматтарды ақшасын төлеген жағдайда өткізу бекетінен айналып өтіп, қалаға алып кіруге уәде берген.
«Олар көмектерін әр адамға 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін бағалаған. Ер адамдар ұсталды және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдайды бұзу» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен, аталған адамдарға айыппұл салынды», – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.
Осыған байланысты Алматы полиция департаменті азаматтарды заңға бағынуға және кедергілерден өтудің заңсыз жолдарын іздемеуге шақырады.
«Ондай әрекеттердің пайдасыз екенін және еш нәтиже бермейтінін атап өткім келеді. Төтенше жағдай кезінде оңай ақша тапқысы келетіндерге жауапкершілікті ұмытпау туралы ескертемін. Ондай әрекеттердің бірден жолы кесіледі», – деді Аханов.