Павлодар облысында 20-дан астам адамды алдап кеткен адам ұсталды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Күдікті зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеді, іс сотта қаралады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Василий Склярдың атына Қарағанды қаласының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам өз хабарламасында Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің тергеушілеріне полиция аға лейтенанты Азамат Өмірбайға, полиция капитаны Анель Қазанғаповаға және жедел уәкіл полиция капитаны Сүйіндік Қайырбаевқа алғыс білдірген.

«Хаттың авторы алаяқтың қулықтарына тап болған. Instagram аккаунттарының бірінде киімге тапсырыс бермек болып,  ұнайтын заттарын таңдап, «сатушыға» ақша жіберіп,  сомасын толығымен төлеген. Алайда, біраз уақыт бойы «сатушының» телефоны өшірулі болған. Кейін жәбірленуші полицияға арыз жазған», - деді департаментте.

Тәртіп сақшылары аз уақыт ішінде барлық қажетті іс-шараларды өткізгеннен кейін алдаған адамның жеке басын анықтады.

Сонымен қатар, істің барлық мән-жайын зерттеп, күдіктінің тағы 20-дан астам адамды дәл осылай алдағанын анықтады. Келтірген залал сомасы шамамен 1 млн теңгені құрады.

Күдікті зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеді, іс сотта қаралады.

Новости партнеров