ТЖМ шахтадағы қайғылы жағдайға жауаптылардың есімін атады

Almaty.tv
Almaty.tv
Күдіктілердің қатарында 28 адам бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ТЖМ Сырым Шәріпханов Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайға жауапты болуы мүмкін бірнеше адамның есімін атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктілердің қатарында 28 адам бар. Бұл – қарапайым қызметкерлер емес, ұсталғандар - тікелей жауапты инженерлік лауазымдағы адамдар. Министр бүкіл 28 күдіктінің есімін атамады. Дегенмен, біразін жіпке тізді.

– Атап айтқанда, тергеуге бас директор Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, Белый мырза, Огай - көмір департаментінің атқарушы директоры ілінген. Толық тізім қажет болса, біз жазбаша түрде бере аламыз, – деді ҚР ТЖМ Сырым Шәріпханов

Еске салайық, былтыр 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде, қазіргі Қарметте жарылыс болды. Ол кезде шахтада 252 адам болған. 206 кенші жер бетіне шығып, 46 кенші қаза болған еді.

Оқи отырыңыз: Заңсыз ойын бизнесі: күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды

Новости партнеров