Заңсыз ойын бизнесі: күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды

Фото видеодан алынды
Фото видеодан алынды
Тәркіленуге жататын мүлік және жалпы көлемі 1,5 млрд теңге ақша бұғатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1WIN казиносын ұйымдастырған 4 күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Бұл топ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тіпті олардың букмекерлік қызметтерінің тиісті лицензия болмаған көрінеді. Әккілер айласын ТМД және алыс шетел аумағында жүзеге асырып келген. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша, бүгінге дейін мыңдаған отандасымыз бұл бастамада құмар ойынның құрбанына айналған. Олардан ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданып отырған.

– 2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңге болды. Тергеу жалғасып жатыр. Онлайн-казино сайты бұғатталып, төрт ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлік және жалпы көлемі 1,5 млрд теңге ақша бұғатталды. Сондай-ақ Mercedes-Maybach S500 және Lamborghini Huracan автокөліктері тәркіленді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: ІІМ мен Антикордың арнайы операциясы: есірткі жеткізетін ірі арна жойылды

Новости партнеров