Бүлікке себепші болған бір азамат ұсталып, тағы бірнеше адам күдікке ілінген
Теңіз мұнай кен орнындағы қақтығысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүлікке себепші болған бір азамат ұсталып, тағы бірнеше адам күдікке ілінген. Оларға «дене жарақатын салды» және «бұзақылық жасады» деген айыптар тағылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Сондай-ақ әлеуметтік желіде Атыраудағы кен орнында қызмет ететін шетелдіктер елдеріне қайтып жатыр деген бейнежазба тараған еді. Министр бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Біз ешкімді жұмыстан шығарған жоқпыз. Олар әлі жұмыс істеп жатыр. Ешкім еліне қуылған жоқ», – деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ.