Алматыда вейптерді бірнеше ай бойы көтерме саудаға шығарып келген екі тұрғын сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Олар электронды темекіні ірі көлемде сатқаны үшін айыпталып отыр. Қаржылық мониторинг агенттігі зиянды заттарды ірі мөлшерде саудалағандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Алматы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қойма үй-жайлары анықталды. Ол жерлерден 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді.
- Сот үкімімен Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, олардың біреуіне 3 млн 450 мың теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза, ал екіншісіне 1 жыл мерзімнен бас бостандығынан шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды, - дейді ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Балаларды қайыр сұрауға және жезөкшелікке мәжбүрлеудің 9 фактісі анықталды