Ақтауда Симба есімді арыстанның иесіне айыппұл салынды

liter.kz
liter.kz
Жануарды тәркілеумен қатар 10 АЕК - 27 780 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Симба есімді арыстан бұрынғы қожайынынан тәркіленіп, ер адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinewske.kz  инАктауға сілтеме жасап.

Іс  Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы 1-бөлігі (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша қаралды.

Тергеу барысында арыстанды 1995 жылғы жігіт асырағаны белгілі болды. Алайда онда тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

Соттың 10 шілдедегі қаулысына сәйкес, Арыстанның иесі кінәлі деп танылып, жануарды тәркілеумен қатар 10 АЕК - 27 780 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

«Эко Маңғыстау» мемлекеттік емес ұйымының директоры Кирилл Осин арыстанды Шымкент пен Алматыда хайуанаттар бағы алуға дайын екенін хабарлады. Таңдау Алматыға түсті.

Новости партнеров