Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«1 желтоқсан күні сағат 22.57 шамасында кезекші бөліміне отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан өз еркімен кеткендігі туралы хабарлама түсті. 2004 жылы туған кәмелетке толмаған Юлия Попова мен 2005 жылы туған Анастасия Семина аумақтан сағат 08.00 шамасында шығып кеткен», – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Жақын маңдағы аулалар мен үйлер, вокзал аудандары, жастар көп жиналатын орындар пысықталды, сондай-ақ қыздардың қарым-қатынас шеңбері де пысықталуда.
Полиция азаматтардан кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпаратқа ие болған жағдайда 102 телефонына хабарлауды сұрайды.